10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда полиция 17 жастағы жасөспірімдерді синтетикалық есірткімен ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Петропавлдан келген 17 жастағы балаларды ұстады.
Тексеріс барысында жасөпірімнің бірінен ақ түсті ұнтақ заты бар 20 полимерлі пакет тәркіленді. Күдіктілердің уақытша тұрған жері де тексерілді. Нәтижесінде жалпы салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі, полимерлі пакеттер, таспа мен есірткіні буып-түюге арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.
Жасөспірімдер Павлодарға есірткі тарату үшін келгені, үйді жалға алғаны анықталды. Есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, не өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Тимур Қаржаубаев.
Полиция есірткі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді