10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар қаласының Орталық жағалауында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында облыстық «Ертіс толқыны» жастар жобасының қолдауымен Шарбақты ауданының жастары «Тәртіпбек тәртіпке шақырады» атты танымдық әрі отбасылық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балалардың сүйікті «Үш мысық» мультфильмінің кейіпкерлері арқылы Тәртіпбектің бейнесі сомдалып, рөлдерді ауданның белсенді жастары орындады. Қатысушылар үшін заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қызықты байқаулар, спорттық эстафеталар мен интерактивті ойындар өткізілді.
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанованың айтуынша, іс-шараның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай шаралар балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырумен қатар, отбасылық құндылықтарды нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Мереке барлық қатысушыға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады, – деді Жаннұр Ахметжанова.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді