10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар өңірінде құс тұмауы орын алу қаупі бар, деп хабарлайды El.kz Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына сілтеме жасап.
Аймақта құс тұмауының алдын алу мақсатында биыл 500 мыңға жуық құсқа екпе салынған.
Ресей мемлекетімен шекаралас болғандықтан, құс тұмауының келуіне дайын болуымыз керек. Алдын алу шаралары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл жоспарға сәйкес тұмауға қарсы Үкімет тарапынан 500 мыңға жуық екпе салынды. Індеттің алдын алуға байланысты құс фабрикаларымен де жұмыс жасаймыз, - деді инспекция басшысының орынбасары Бәке Тасыбаев.
Күз басталғалы ветеринарлық бақылау бекеттерінде 3827 автокөлік тексеріліп, 64 бұзушылық анықталыпты. Ветеринарлық-бақылау бекеттері арқылы 36 мың тонна жануарлардан алынатын өнім, 32 млн дана тауық жұмыртқасы, 28,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары өткен.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді