19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодар облысында қараусыз жүрген жылқы жол апатына себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
8 қыркүйек күні сағат 00:40-та Атамекен – Курчатов республикалық маңызы бар автожолда қараусыз жайылып жүрген жылқылармен ЖКО болды. Салдарынан көлік жүргізушісіне моральдық және материалдық залал келтірілді.
Полиция қызметкерлері жылқы иесін анықтады, ол Баскөл ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты, ол мал жаю ережелерін бұзған.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі (Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда, айыппұлдан басқа, жылқы иесі автокөлік иесіне материалдық шығын төлейтін болады, – деп хабарлады Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.
Айта кетейік, тек Май ауданы бойынша жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген малдың 80-нен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары