10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысында мұз сарайы салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталығында хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен айналысуға арналған 20 000 шаршы метрлік мұз сарайы жақын арада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асырудың арқасында пайда болуы мүмкін. Екібастұзда да 7500 шаршы метр мұз сарайын салу үшін осындай жобаны іске асыру қарастырылуда.
Өңір басшысы Асайын Байханов «Medeo invest» ЖШС-ің өкілі Сергей Цыбенкомен кездесті. Кездесуде тараптар болашақ мұз ареналарының тұжырымдамасын және осы жобаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды талқылады.
Асайын Байханов болашақ құрылыс үшін жер учаскелерін анықтау, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, МЖӘ жобаларының тетіктерін пысықтауды және олардың шешімін 15 сәуірге дейін ұсынуды тапсырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді