10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР Конституциясының 30 жылдығы аясында Павлодарда алғаш рет көлемі 16×8 метр болатын Мемлекеттік Ту бір дронның көмегімен көкте желбіреді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тудың салмағы 60 килограмды құрайды, ал жүк көтергіштігі 120 килограмм болатын дрон оны 180 метр биіктікке көтеріп, "Ertis Promenade" алаңы үстінен ұшырды.
Бұған дейін әлемде мұндай көлемдегі ту тек 3 дрон арқылы көтерілген болатын. Ертіс жағалауында енді жаңа рекорд орнатылды.
Рекордты ресми тіркеу үшін Павлодарға WBR (Дүниежүзілік рекордтар кітабы) Азия және Африка елдері бойынша рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері Құдайбергенов Қуандық арнайы келді.
Іс-шара облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
"Бұл жобаны біз тек рекорд үшін ғана емес, ұлттық бірліктің және патриотизмнің символы ретінде қарастырамыз. Жас ұрпаққа Отанға, халқына және Мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілікті сездірудің тамаша мүмкіндігі", – дейді іс-шара ұйымдастырушылары, "Шаңырақ" халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының өкілдері.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді