18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Павлодарда терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген күдікті анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті мен ҰҚКД бірлескен іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарында салынған бомба туралы жалған хабарламалар таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған тұлғаны анықтады. Күдікті Павлодар қаласы мектептерінің бірінде оқитын 14 жастағы оқушы болып шықты.
Оқушы 2023 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында жаңа телефон нөмірлері арқылы аккаунттар құрғаны анықталды, ол арқылы терроризм актісі туралы жалған хабарламаларды білім беру объектілерінің электрондық поштасына жолдаған, содан кейін аккаунттарды жойып отырған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Айта кетейік, терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық және 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр