Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңадан әскер қатарын толықтыратын он адам Күршім ауылындағы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Шығыс Қазақстан облысындағы басқармасында қызмет өткеретін болады.
Ата-аналармен қатар павлодарлықтарды шығарып салуға ҚР Қарулы күштері мен Шекара қызметінің, басқа мемлекеттер аумағында жергілікті соғыстар мен қақтығыстарға қатысқан ардагерлер келді.
Павлодардағы "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ филиалының төрағасы Жан Қаратаев алғашқы әскерге шақырылушылар Шекара қызметіне кететінін және ел шетін күзететін болғандықтан, оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Іс-шараға келгендерге арнап облыстық шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын, ал ҰҚК Шекара қызметі “Боран”арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.
Павлодар облысынан Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға барлығы 653 азаматты шақыру жоспарлануда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?