Павлодарда ер адам мектеп аумағында дәрет сындырған

29 Қыркүйек 2023, 12:29 1051
Павлодар қаласының полициясына №16 мектеп аумағында дәрет сындырып, жат қылық көрсеткен ер адам жүр деген шақыру келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция адамның жеке басын анықтады. Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Сот барысында ол мас болғанын және әрекетін есіне түсіре алмай тұрғанын түсіндірді. Ол істеген әрекетіне өкінді.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және сотқа жіберілді. Сот шешімімен ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: