29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕкі жарым жастағы сәби анасының зиянды сусынға әуестігінен зардап шегіп келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодарда еріктілерге ішімдікке салынған ананың жас баласы бары туралы көршілерінен хабарлама келген. Тексеру барысында бала антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келгені анықталды. Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде маскүнемдікпен ауыратыны, сыра, арзан арақ ішіп ұйықтайтыны белгілі болды. Аталған жайтқа облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.
Шешесі алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды, - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД өкілдері.
Қазіргі уақытта бала сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек