10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОКҚ-да Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Соның ішінде жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысынан тілшілер былтыр Павлодар облысына шырша сатып алуға 52 миллион теңге бөлінгенін, биыл жаңа жылдық безендірулерге кететін шығын қанша болатынын сұрады. Облыс әкімі жалпы қалаларға бөлінетін қаражат жыл сайын 50 мен 60 миллион теңгеннің шамасында екенін айтты.
Мысалы Екібастұз қаласына 38 миллион берілсе, Павлодарға 52 миллион бөлінеді. Соның ішінде мұз қалашығына және көшелерді жарықтандыруға, безендіруге жыл сайын осындай қаражаттар кетеді. Негізі біздің облысымыз солтүстікте орналасқасын, жаз уақыты өте қысқа болады. Сол себепті халықтың көңілін көтеруге және жақсы, жайлы жерлерді ұйымдастыруға да мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан біз безендіруге, қаланы абаттандыруға да қаражат бөліп жүрміз, – деді Павлодар облсының әкімі Асайын Байханов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді