19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ағайынды екі бүлдіршіннің денесі су қоймасынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 қазанда Галицкое ауылында болған.
Сағат 21:00 шамасында жұмыстан үйіне оралған әйел 7 және 8 жастағы екі ұлын таба алмай, учаскелік полиция қызметкеріне жүгінген, - делінген ПД хабарламасында.
Учаскелік инспектор басқа ауыл тұрғындарымен бірге балаларды іздеуге кіріскен.
Сағат 23:00-де ауылдан 500 метр жердегі ауылшаруашылық алқаптарын суаруға арналған жасанды су қоймасынан балалардың зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіттері табылды. Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп атап өтті ПД өкілдері.
Полицейлер суару жүйесіне арналған гидротехникалық құрылыста қоршаулардың, дуалдың, жарықтандырудың, жеткілікті көлемде тыйым салу белгілерінің жоқтығын және адамдардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, сондықтан 277-бап (3-бөлігі) және 254 баптар, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу және қызметтік міндеттерін адал атқармау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары