29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодардағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасының бәйге жарыстарының 6-іріктеу туры өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге еліміздің әр өңірінен келген 46-ға жуық тұлпар қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге» және «Аламан бәйге» бойынша бақ сынасты.
Турнирдің жеңімпаздары болып Алматы қаласының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарының спортшылары атанды.
Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Павлодар Ертіс өңірінде осындай жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты - ұлттық спорт түрлерін насихаттау, дәстүрлі ат жарыстарының деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жеңімпаздарды құттықтаймын және жаңа жетістіктерге жете берулерін тілеймін, - деді аймақ басшысы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек