Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады білім беру бөлімінде.
Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді