20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар қаласындағы №3 емханада Павлодар облысындағы алғашқы Ерте араласу және дамыту орталығы (ЕАДО) өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
ДСМ мәліметінше, орталық ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерді бақылаудың жаңа моделін іске асыру аясында құрылды. Оның негізгі мақсаты - медициналық және әлеуметтік қатерлерді уақтылы анықтау және оларды азайту.
Орталық аясында кешенді тәсіл жүзеге асырылады: жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж жүргізіледі, физикалық және жүйке-психикалық даму скринингі, оның ішінде аудиологиялық және психофизикалық тексеру өткізіледі. Сонымен қатар, аутизм белгілерін ерте анықтау үшін модификацияланған M-CHAT-R тесті қолданылады, - делінген мәліметте.
Әлеуметтік осал жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыларға және дамуында ауытқуы бар балаларға ерекше назар аударылады. Бақылау мен сүйемелдеудің жеке бағыттарын қалыптастыру қарастырылған, бұл үшін әртүрлі сала мамандарынан құралған мультидисциплинарлық топ тартылатын болады.
Павлодар қаласында ЕАДО-ның ашылуы ауқымды жобаның алғашқы кезеңі болып табылады. Алдағы уақытта осындай орталықтарды облыстағы барлық емханалар мен аудандық медицина ұйымдарында ашу жоспарлануда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?