29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстағы дүкен сөрелерінде алаяқтардан қалай сақтануға болатыны туралы жазба бар азық-түлік өнімдері пайда болды. Полиция мұны жергілікті тауар өндірушілермен бірігіп жасаған.
Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Оқи отырыңыз:
Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.
Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет, – деді тұрғындардың бірі.
Ескертулері бар жадынамалар «полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек