19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодардағы №2 сотында ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі – «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» туралы іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@Pavlodarnews.kz мәліметінше, былтыр 11 шілдеде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.
Жанжал кезінде жас жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын батарейге соққан. Есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған, – делінген № 2 соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Мұндай қылмыс үш жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Сотталушы мүліктік залалды өз еркімен моральдық зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы бірінші бөлігінің бірінші бөлімшесінде көзделген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушы сот залынан босатылды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары