20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНаурыз мейрамы қарсаңында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әскери бөліммен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккері Виктор Васильевич Алеутдиновты туған күнімен құттықтауға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Соғыс жылдарындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі үшін құрмет пен алғыс ретінде қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Виктор Васильевичке полковник шенін беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жолданған.
Біз Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне оған полковник шенін беру туралы ұсыныс жолдадық. Ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге келдік. Олардың ұрпақ үшін жасаған барлық істері, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымызды білдіреміз, — деді әділет подполковнигі, білім және ғылым департаменті оқу-ағарту жұмысы басқармасының бастығы Вадим Шрейдер.
Сондай-ақ ол ардагерлермен байланыста болу және олардың рухына құрметпен қараудың маңыздылығы жайлы еске салды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?