20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда Шапық Шөкин атындағы №9 мектептің жанынан қосымша жаңа ғимарат ашылды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда № 9 мектеп-гимназиясында 2392 бала білім алады, ал, ғимарат 1420 оқушыға арналған. Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін мектептің негізгі ғимаратына қосымша 324 орындық төрт қабатты ғимарат салынды.
Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналып салынған жаңа ғимараттың ашылуына облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
Басты міндеттің шешілгеніне қуаныштымын. Қосымша ғимараттың ашылуы үш ауысымдағы мектептерді жоюдың тағы бір қадамы. Ұстаздар мен ата-аналарға шыдамдылық танытып, немқұрайлы қарамағандары үшін алғыс айтамын. Баршаңызға жоғары жетістіктер мен білім алу жолында табыстар тілеймін, - деді облыс әкімі.
Жаңа ғимаратта кең және жайлы кабинеттер, асхана, спорт залы орналасқан. Қонақтарға зерттеу жұмыстарына арналған стэм-зертханасы да көрсетілді. Мектепте мобильділігі төмен топтар үшін лифт қарастырылған. Акт залында заманауи лэд-экран және музыкалық жабдық орнатылған.
700 бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа ғимараттағы сабақтар үшінші тоқсаннан, яғни, 8 қаңтарда басталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?