22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖалпы құны 22 млн теңгеден асатын есірткіні таратумен айналысқан павлодарлық ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, облыс орталығында есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысатын ер адам туралы ақпарат полицияға келіп түскен соң, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде бұрын сотталған 29 жастағы күдікті ұсталды. Оның жеке заттарын тексеру барысында тыйым салынған заттардың орналасқан жері туралы деректер бар ұялы телефон және мазмұны белгісіз 16 орама тәркіленді. Сонымен қатар оның автокөлігінен екі полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, орамаларда жалпы құны 22 млн теңгеден астам синтетикалық есірткілер, ал полиэтилен пакеттерде салмағы 1,5 килограмнан асатын синтетикалық каннабиноидтар болғаны анықталды. Бұл 4000 дозаны құрайды, - делінген мәліметте.
Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткі тарататын интернет-дүкенде «қаптамашы» болып жұмыс істегенін және «жеңіл табысқа» қызыққанын айтты. Оның айтуынша, ол кураторлардан түскен тапсырмаларды орындап, есірткі заттарын арнайы қоймалардан алып, оларды жасырын орындарға тығу әдісімен таратқан.
Аталған факті бойынша есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Сонымен бірге аймақ аумағында есірткі жеткізу және таратуға қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытуға, қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін кез келген күдікті әрекеттер туралы дереу хабарлауға шақырады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев