10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер өз пәтерінде тыйым салынған заттары бар жасырын орынды жабдықтаған Павлодар тұрғынын ұстады. Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты. Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдары.
– Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді