10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысында ер адам аудан әкімдерінің бірінен бағбаншылық үшін жер учаскесін беруді сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық соты аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруден бас тартқан.
Талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанында құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген.
Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі барысында талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
– Сот медиативтік келісімді бекітті. Сол бойынша талапкер жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішпен жер комиссиясына қайта жүгінеді. Ал әкім белгіленген жағдайларды ескере отырып, бұл өтінішті осы мәселені қарауға тиіс жер комиссиясының отырысына қайта шығаруға міндеттенді, – деді баспасөз қызметінде.
Осылайша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді