Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАсайын Байханов ең алдымен көктемгі су тасқыны салдарынан 14 үй зардап шеккен Жалаулы ауылына барды. Олардың бесеуі комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы биік жерге салуды тапсырған тұрғын үйлердің сапасын тексерді. Үйлердің құрылысы сәуір айының басында басталды. Құрылыста 30 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазір барлық 5 үйдің қабырғалары бой көтерді. Екі үйде жұмыстар 90% орындалды, бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған үйлерде жұмыстар жалғасуда. 5 жаңа үйдің құрылысына қаражатты ERG тобы бөлді.
Облыс әкімі үйлерді толығымен аяқтап, адал тапсыруды тапсырды.
Мен үшін үйлерді жерлестері алдында парызы мен жауапкершілігін сезінетін осы аудандағы жауапты кәсіпкердің салуы маңызды болды. Үйлер жылыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылысшылар заманауи және сапалы құрылыс материалдарын пайдалануда. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иелеріне осы жылдың шілде айында табыстауды жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы.
Аймақ алғашқылардың бірі болып, 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында су тасқыны кезінде мүлкі әртүрлі дәрежеде зардап шеккен облыс тұрғындарынан түскен барлық 125 өтінім бойынша өтемақы төледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?