Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
9 қараша күні сағат 02:40-та Ақсу қаласы Абай-Молодежная көшелерінің қиылысында Renault Symbol көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, онда жолаушы қайтыс болды, - делінген мәліметте.
Сол күні сағат 06:15-те Ақтоғай-Харьковавтожолында ВАЗ-21134 автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік кюветке аударылған. Жол апатынан жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, – делінген Павлодар облысының Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Айта кетейік, осы жылы облыс жолдарында 409 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 67 адам қаза тауып, 506 адам жарақат алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді