10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздың жылу және сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстардың аяқталуы, сондай-ақ, зардап шеккен қала тұрғындарының пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы есептерді тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригадаларға қарқынын бәсеңдетпеуді, сонымен бірге, сапаға да баса назар аударуды тапсырдым. Алғашқы толық қалпына келтірілген пәтерлерді өзім аралап өтіп, тұрғындардың жөндеу жұмыстарына қаншалықты риза екенін тексеретінімді ескерттім. Ешқандай ескертулер мен шағымдар болмауы керек - бұл менің жауапты тұлғаларға қойған талабым, - деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек, Асайын Байханов қала билігі мен коммуналдық қызметтерге халықтың кез келген шағымдарына жедел ден қоюды, жылдам әрекет етуді, өтініштерді тыңдау, түсіндіру, түзету шараларын жасау керектігін ескертті. Қазіргі уақытта екібастұздықтардың пікірлері жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалаудың басты критерийі болып табылатынын айтты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді