23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ертісте қараусыз жайылып жүрген малдың иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ертіс ауданының полиция бөлімі күнделікті негізде қараусыз мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Оқи отырыңыз:
27 маусымда Ертіс ауданы Кеңес ауылының маңындағы Ленинский – Русская – Поляна автожолында 20 бас жылқы және 30 бас ірі қара мал иесіз жайылып жүрді. Учаскелік полиция инспекторы мал иелерін анықтады. Ертіс ауылының 34 жастағы тұрғыны мен Кеңес ауылының 26 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мал иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Айта кету керек, өткен кезеңде тәртіп сақшылары 408-бап бойынша 53 әкімшілік хаттама толтырды, арнайы орынға 586 бас иесіз мал қамалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік