10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқсу қаласында екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының дерегінше, оқыс оқиға 3 тамызда Ақсуда болған. 103 пультіне 2022 жылы туған бала екі қабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Дәрігерлер 3 минуттан кейін оқиға орнына жетті.
Сағат 15:10-да баланы жедел жәрдем қызметкерлері Ақсу қаласының ауруханасына жеткізіп тексерді. Кешкі сағат 18:10-да бала облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілді. Оған ультрадыбыстық зерттеу, рентген жасалып, кезекші травматолог және хирург тексерді, – деп жазылған облыстық балалар ауруханасы таратқан хабарламада.
Бүлдіршінге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң қол мен аяқтың жарақаты деген диагноз қойылып, травматологиялық бөлімге жатқызылды. Баланың жағдайы – орташа ауыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді