30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қорғаныс кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар нысандарды аралап, ведомствоаралық жаттығудың негізгі элементтерінің пысықталуын тексердідеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Павлодар облысы әкімдігінің Ситуациялық-талдау орталығында болған Бас штаб бастығы жергілікті атқарушы органдар мен күштік құрылымдар бөлімшелерінің өзара іс-қимылының алгоритмдері мен тәртібін айқындайтын осындай оқу-жаттығуларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың басшылығымен өткен Қорғаныс кеңесінің отырысында «Бекет-2024» кешенді оқу-жаттығуы барысында орталық мемлекеттік органдар, күштік ведомстволар және аумақтық қорғаныс бригадасы жеке құрамының іс-қимыл тәртібі егжей-тегжейлі талқыланды.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оқу-жаттығудың практикалық іс-қимылдары өтетін оқу орындарында болды. Ол аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерін хабардар ету учаскесінің, әскери міндеттілерді алдын ала жинау пунктінің жұмысын ұйымдастыруды зерделеді. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша өңір кәсіпорындары ұсынған техниканы жинау тәртібі, сондай-ақ азаматтық тұрғындарды далалық лагерьге орналастыру мәселелері пысықталды, - делінген мәліметте.
Жаттығудың белсенді кезеңінде облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері стратегиялық маңызы бар Павлодар мұнай өңдеу зауытын күзету, қорғау және жасалған шабуылды бейтараптандыру бойынша практикалық іс-қимылдар жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Бекет-2024» оқу-жаттығуына орталық мемлекеттік органдардың, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, ҰҚК және Ұлттық ұланның өкілдері жұмылдырылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды