20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында аса ірі көлемде есірткі сақтау және тарату фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, Железин ауданының прокуратурасы полициямен бірлесіп, кинологиялық қызметті тарта отырып жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 келі марихуана табылған. Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тағы бір жағдайда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан. Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған. Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?