29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған. Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.
Ауруханада қызды сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.
Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек