20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар қаласындағы үшінші жылу электр орталығы мен Екібастұз ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқандығы туралы облыс әкімі Асайын Байханов баяндады.
Әкімнің айтуынша, Екібастұз жылу электр орталығындағы шатырдың бір бөлігінің құлауы №6 және №7 қазандықтардың арасында болған көрінеді.
Адамдар мен жабдықтар зардап шекпеді. Қазіргі уақытта ғимараттардың жай-күйіне техникалық тексеріс жүргізіліп, актілер жасалынды. Бетон элементтерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары басталды. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында №6 және №7 қазандықтарда жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Сол себепті қазандықтарды жөндеу мерзімі 10 күнге ұзартылды, – деді ол.
Жоспарға сәйкес №7 қазандық 10 шілдеде және №6 қазандық 18 тамызда дайын болмақ. Ол қалған қазандықтарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге байланысты жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Облыс әкімінің сөзінше, алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінің негізгі жабдығының 40 бірлігіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни 49,1 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңарту және 43 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?