Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіПавлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, 2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.
Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған. Негізгі шарттардың бірі – кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген. Елуден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген, - делінген мәліметте.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?