Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына жүлде салған алматылық спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер – дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан қола жүлде еншілеген Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады. Спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Атап айтқанда, Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.
Сонымен қоса, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды.
Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді