13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБүгін 17 қазан күні ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде «Жаһандық Әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтеді.
Ауқымды шара «Қазақстанның мәдениеті мен өнері» көрмесінен басталады. Көрмеде «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі Қазақстандық мәдениет», «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі» арнайы жобаларды іске асыру туралы стендтер ұйымдастырылып, бейнероликтер, экспонаттар көрсетіледі. Ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасына айналған Париждің талғампаз көрермендеріне Қазақстанның ұсынар дүниесі аз емес. Солардың бірі – дүниежүзіне танымал экспонат «Алтын адамды» паш ететін «Көшпенділер әлемі: Алтын адам шеруі» экспозициясы. Сонымен қатар, шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Рухани жаңғыру: Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференцияда әлемдік тәжірибе контекстінде рухани жаңғырудың қазақстандық моделі, мәдени мұра – ұлттық бірегейліктің өзегі, мәдениеттер ықпалдастығы – қоғамдағы бейбітшілік пен диалог негізі тақырыбында әңгіме өрбиді. Таныстырылымның алғашқы күні қазақстандық өнер жұлдыздарының гала концертімен аяқталады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды