Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов ширек финалда Аринболд Енхтейвенді (Моңғолия) иппонға түсірді. Енді ол жартылай финалда Юнг-вей Янгпен (Тайпей) күреседі.
Сондай-ақ 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Сухроб Богиевті (Бахрейн) қосымша уақытта юко әдісімен жеңсе, 48 келідегі Абиба Әбужақынова бірінші айналымда Үндістан өкілін жеңді. Ал Меруерт Сәрсенова ширек финалда өзбекстандық Сита Кадамбаевадан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді