Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет отырысының баспасөз мәслихатында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жеке бапкерлердің Париж олимпиадасына бару-бармауы жөніндегі мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада кезінде спортшылардың қасында жеке бапкерлердің болуы маңызды. Ал біздің елде көп жағдайда жеке бапкерлер делегация құрамына кіре алмай жатады. Оның себебін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев түсіндірді.
Министрдің айтуынша, биыл екі үлкен дода күтіп тұр. Оның бірі Дүниежүзілік көшпенділер ойыны болса, екіншісі – Париж олимпиадасы.
Қазіргі таңда дайындық жүріп жатыр. Бапкерлер қасында болуы тиіс. Спортшылардың психологиясын, дайындығын қадағалуға ықпал етеді. Сол себепті біз бұл жағдайға тырысамыз. Бірақ Ұлттық олимпиада комитетінің өз ережесі бар. Мәселен, 80 лизенция болса, оның 50 пайызы қасында болатындардың саны. Сондықтан мұны көре жатармыз, – деді Ермек Мыржықпаев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді