Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПарижде Le Revers de la Médaille белсенділер тобы Олимпиада астанасында «әлеуметтік тазалау» басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Төртжылдықтың басты ойындары қарсаңында көшеде жүрген үйсіздерді қаладан қуу басталып кеткен. Соңғы бір жыл ішінде қаладан 12 мың үйсіз басқа жаққа қоныстандырылған екен.
Олимпиадаға дейін қаланы қаңғыбастардан толық тазалап, сонымен бірге бала-шағасымен әр жерді паналап жүргендерді де тазалау үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, полиция жезөкшелікті кәсіп еткендерді, есірткіге тәуелділерді де назардан тыс қалдырмаған.
Қазір оларды автобусқа тиеп, уақытша бейімдеу орталықтарына орналастыру басталып кеткен. Айта кететіні, олар Олимпиада аяқталған соң Парижге қайта оралады.
Ал белсенділердің сөзінше, үйсіздердің мәселесін шешу үшін жедел түрде Францияда 20 мың үй салынуы керек.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді