19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?25 шілдеде Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.
Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары