Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПариж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Франция астанасында өткен XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпаздары – Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлер – Ерғали Шәмей (пара дзюдо) мен Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), қола медаль иегерлері – Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) және басқа да спорт түрлеріндегі ұлттық құрама спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды.
Айта кетейік, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеде ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 39-орынға тұрақтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді