Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты Lexus көлігін сататынын мәлімдеді. Ол хабарламаны Instagram арқылы жариялады.
Сатылады. Кімге керек, хабарласыңдар,- деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.
Спортшы Instagram парақшасында Lexus IS 250 маркалы автокөлігінің суреттерін жариялады. Кадрларда сұр түсті жапон седаны көрсетілген. Аталған модель XE30 буынына жатады. 2013–2016 жылдары шығарылған. Көліктің нарықтағы бағасы – шамамен 12 миллион теңге.
Хамитовте басқа көлік бар ма?
Биыл наурыз айында кәсіпкер Нұрлан Смағұлов паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты.
Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі екеніне мақтанамыз және елімізде параспорттың дамуына әрі қарай да бар күшімізді саламыз! Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан оны үлкен қуанышпен сыйға тартамын, – деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.
Тағы қандай сыйлық алды?
17 наурыз күні жергілікті құрылыс компаниясы Ербол Хамитовке Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керегін атап өтті. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.
Параспортшы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан алтын медаль, парашаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды. Екі жүлде үшін спортшыға мемлекет тарапынан шамамен 325 мың доллар (149 млн теңгеден астам) көлемінде сыйақы берілді. \Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовті III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.