29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда сотталған бұрынғы шенеуніктердің адвокаттарынан апелляциялық шағым түскен. Сот отырысы 2 тамызда өтеді, деп хабарлайды El.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сот үкімімен келіспеген адвокаттар мен қоғамдық қорғаушы апелляциялық шағым берген.
Ал прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген.
– Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаровқа қатысты қылмыстық іс Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына түсті. Сот отырысы 2 тамызда жергілікті уақытпен сағат 10:00-ге тағайындалды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
2020 жылдың шілде айында Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында аурухана салу туралы шешім қабылдаған. Құрылыс жұмыстарын "БКК" ЖШС орындаған.
– Сотталушы Нұрлан Таубаев облыс әкімінің орынбасары бола тұра және құрылыс саласына жетекшілік ете отырып, "БКК" ЖШС директорының орынбасарынан келісімшарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткен. Кейін сотталушы Тимур Басаровтың (құрылыс басқармасының басшысы) қатысуымен пара сомасы 7%, 185 500 000 теңге мөлшерінде келісілген. Нұрлан Таубаев сотталушы Тимур Басаровқа ақша қаражатын алып келуді тапсырған. Содан кейін Тимур Басаров жәбірленушіден 185 730 004 теңге (423 900 АҚШ доллары және 5 000 000 теңге) мөлшерінде пара алған. Пара беру барысында Тимур Басаровты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері ұстаған, – деп мәлім еткен еді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот сотталушы Нұрлан Таубаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды адамның қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуы), Тимур Басаровты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (аталған іс-әрекеттерге көмектесу) кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен Нұрлан Таубаевқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы Тимур Басаровқа жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығы ескеріле отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігі қолданылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек