Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмарал Науатбек пара дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ол пара дзюдодан J2, яғни көзі нашар көретіндер санатында бақ сынады.
Бүгін Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болдым. Мақсат – өз елімізде өтіп жатқан әлемдік жарыста алтын алып, әнұранымызды шырқату болатын. Өкінішке қарай, өз қателігімнен қолда бар алтыннан айырылып қалдым. Маған үміт артқан барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұл менің әлем чемпионы ретінде қатысқан алғашқы жарысым еді. Осы қателігімнен сабақ алып, келесі жарысқа аянбай еңбек етемін. Дзюдодағы басты мақсатым – Паралимпиада ойындары. Бар күш-жігерімді осы мақсатымды бағындыруға арнаймын, - дейді Ақмарал Науатбек.
Айта кетерлігі, осы салмақ дәрежесінде өзбекстандық Лобар Хурромова жеңімпаз атанса, Кокила (Үндістан) мен Юи Фужиуара (Жапония) қола жүлдені өзара бөлісті.
Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді