13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖаздың аптап ыстығында шөлді тез басып қана қоймай, ағзаңызды дәруменге байытатын сусындарды үй жағдайында-ақ оп-оңай әзірлеуге болады. Еліміздің көпшілік өңірлерінде соңғы бірнеше күнде анамальды ыстық ауа-райы сақталуда. Қазгидрометтің мәліметінше, анамальды ыстық ауа-райы, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан. Ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады. Олай болса, назарларыңызға үй жағдайында әзірлеуге болатын топ 6 сусынның рецептін ұсынамыз.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Шыны құтыға мұз бен лайм, құлпынай және қиярды саламыз. Жалбыз жапырақтарын ұнтақтап, ыдысқа саламыз. Үстіне таза суды құямыз. Жеміс-жидектің дәмі шығу үшін, 1 сағаттай тоңазтқышқа салқындатып салып қойсаңыз, дәмі тіл үйіреді.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Құмыраны мұз бен жеміс-жидекке толтырамыз. Райхан жапырақтарын ұнтақтап, құмыраға саламыз. (жұпар иіс беру үшін). Үстіне салқын суды құйып, 1 сағатқа қоямыз. Егер уақыт тығыз болса, жеміс-жидектектің сөлі бөліну үшін, шанышқымен басуға болады.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Барлық ингредиенттерді құмыраға салып, үстіне су құйып, 2-24 сағат тоңазытқышқа қоямыз. Қаражидектің сөлі бөлінсін десеңіз араластырып, езуге болады.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Қарбыз бен жалбызды, мұзды құмыраға салып, үстіне су құямыз. Тоңазытқышқа 2-8 сағатқа қоямыз. Қарбыздың дәмі көбірек болсын десеңіз қарбыз бен жалбыздың мөлшерін ұлғайтуға болады.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Блендердің көмегімен киви мен қиярға екі стақан су қосып, біркелкі массаға айналғанша үгеміз. Үстіне су құып, қант саламыз. Осы массаны құмыраға құйып, үстіне тағы 4 стақан су құямыз. Үстіне мұз салып, ішуге ұсынарда киви бөлшектерімен әсемдеуге болады.
Ол үшін:
Әзірлеу әдісі:
Қауынды екіге бөліп, ұрығын қасықпен тазалаймыз. Қабығын аршып, бөлшектеп кесеміз. Қауынды блендердің көмегімен еземіз. Сүзгіш арқылы шырынын сүзіп аламыз. Шырынды құмыраға құйып, үстіне 4 стақан су құямыз.
Лаймды қысып, шырынын аламыз. Оған қант қосып, толық ерігенше күтеміз. Лайм шырынын құмырадағы қауын шырынына қосып, үстіне таңқурай жидегі мен мұз саламыз.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды