20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің жұбайы – қырғызстандық дизайнер Айкөл Аликжанова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді.
Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, неке куәлігінің фотосын жариялады. Жазбасында соңғы уақытта өзі туралы тарап жатқан түрлі қауесетке нүкте қойғысы келетінін айтты.
Арман екеуміз заңды некеде болдық. Үлкен махаббатпен қосылдық. Алайда ажырасу туралы шешім оның бастамасымен қабылданды. Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім. Бірақ тағдыр басқаша шешілді.
Біздің бір қызымыз бар. Ол – оның жалғыз баласы. Бұған дейін Арманның ресми некесі де, балалары да болмаған. Арамызда ешқандай өшпенділік жоқ, біз – ата-анамыз. Бұл кезең маған да оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан жеке өмірімізге құрметпен қарауды сұраймын, – деп жазды Айкөл Аликжанова.
Ол сондай-ақ түрлі алыпқашпа әңгімелерге сенбеуге шақырып, бұл мәселенің жеке өмірге қатысты екенін атап өтті.
Іс тарихы
Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұсталған болатын. Кейін сот оны ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен кінәлі деп таныды.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұйымдастырып, жағдайды бақылауға алуға тырысқан. Ресми органдар оның әрекеттері белгілі бір күштермен үйлестірілген болуы мүмкін деген нұсқаны да айтқан.
Бұл іс бойынша сот процесі 2023 жылдың қыркүйегінде басталып, бірнеше айға созылды. Айыпталушылар қатарында бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенов те болды.
2026 жылдың қарашасында апелляциялық сот істі қайта қарап, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?