Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеп жіберген ер адам күні кеше қайтыс болды. Оқиғаға қатысты Астанада өткен Орталық коммуникациялар алаңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігіне бір ер адам келіп, облыс әкімінің қабылдауына кіруді сұраған. Алайда ер азамат аймақ басшысымен кездесе алмаған.
Десе де, марқұм облыс әкімімен жолықпаса да, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдауында болған. Бұған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін-өзін өртеп жіберген. Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндіріп, азаматты аман алып қалғуға тырысқан болатын. Бірақ азамат кеше қайтыс болды.
Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Иманы саламат болсын деймін. Тұрғындарды қабылдау сол күні түнге дейін болды. Ең соңғы тұрғынға дейін қабылдап кеттік. Мен енді бұл сұрақты ешкімге қоя алмаймын. Себебі ол адам өмірден озып кетті. Бірақ ішім удай ашиды. Бір үлкен отбасы тепсе темір үзетін үлкен азаматынан айырылды. Ол азаматтың артында 6 баласы қалды. Әйелінің жетінші балаға аяғы ауыр деп естідік. Неге маған сол кезде келмеді екен, қабылдауда бәрін күттім ғой деген сұрақ менде де бар. Сол уақытта келген болса, сөйлесіп қалатын едік. Бұл күні мен кеңседе болдым, – дейді облыс әкімі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?