22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТанымал әнші Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін алғаш рет көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды. Өнер иесі қайғысын еңсеріп, өміріндегі ең ауыр кезеңді ән арқылы өткеруге тырысқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ әнші қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты.
Құрметті менің тыңдармандарым. Сіздерден келген толассыз хаттарды көріп отырмын. Аллаға сансыз шүкір арқа сүйер елім барда мен бармын, сіздердің дұға тілектеріңізбен өзімді тіктеп келе жатырмын. "Өмір бар жерде өлім бар" деген дана бабаларымыз. Жолдасымнан айырылған сәтімді айтып жеткізе алмаймын. Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады ғой. Алла басыма сондай сынақ берді. Менің қайғыма ортақтасып қайғымды сейілткендеріңізге көп рахмет! Жақында ағаларымның "Тағдыр" атты әнін алдым, осы әнімді сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Бақыт Беделқан айтқандай: Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем, Есейе келе шығып кетіпті есімнен. Жаным шырылдап, тәнім тұншығып жатқанда Есіме қайта сен салып едің, есіл-дем! Деп өзімді әнмен жұбаттым. Кезінде Кенен атамыз Базар мен Назардан айрылып үйінен шықпай жатып қалғанда, Оспанқұл келіп өлеңдетіп орнынан тұрғызғанын білеміз ғой, сол секілді менде осы әнімен сөзі келіскен әнді орындадым, - деп жазды әнші.
Айта кетейік, қыркүйек айының соңында әншінің жолдасы өмірден өткенін жазған едік.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев