7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әнші Медеу Арынбаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында марқұм әйелін есіне алып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында әйелін ренжіткен кезін еске алды.
Өліміне не себеп болғанын өзіміз де түсінбей қалдық. Өзіміз де шок болдық. Қан қысымы төмен еді. 2010 жылы желтоқсанның басы болатын. Өзімді әлі кешірмеймін. Студиядан мәз болып, үйге қарным ашып келсем, ештеңе дайын емес. Сол кезде эмоцияға салып, дөрекі сөйлеп, айқайлап қойғаным бар шығар. Сөйтсем жұмыстан келгені сол екен. Жұмысыңды тастап, балаларға уақытылы тамағын берсеңші дедім, – дейді өнер иесі.
Сол кезде көзіне жас алған әйелін құшақтап, басу айтыпты.
Студияға барып, сегізде үйге келсем, екі балам абыр-сабыр. Айтуларынша, мамалары үйде ас дайындап жатып, еңкейіп қалады, сол кезде басы айналып құлапты. Жетелеп барып төсекке жатқызып, қарасам, қатты жан айқайы басталып жатқаны есімде. Жедел жәрдем келді. Таңертең қоңырау шалып едім, ала қойды. Соңғы сөзі «Балалар қалай?» деп сұрады. Бес күннен кейін ісіне бастады, алтыншы күні дүние салды, – дейді әнші.
Медеу Арынбаев «әйелімнің аманаты – балаларымның амандығы» дейді сұхбатта.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?