Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Астана даму орталығы» ЖШС «Жібек жолындағы Туризм» (ТХТЖ-2024) 29-шы Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысып, Visit Astana туристік брендін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі – жыл сайын Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (UNWTO) ресми қолдауымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі туристік көрме. Биыл жәрмеңке алғаш рет «CAEx» жаңа халықаралық көрме орталығының (Central Asian Expo Uzbekistan) алаңында өткізіледі.
Ұйымдастырушылар – Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Туризм комитеті, «Ұлттық PR-Орталық» Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны және «Team & Co Group» компаниясы.
Аталған жәрмеңке аясында туризм саласындағы жетекші халықаралық мамандардың қатысуымен форум, сондай-ақ ТМД, Азия және Еуропа елдерінен мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері арасындағы B2B кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Craft Fair Uzbekistan» туристік қызметтер мен қолөнер өнерінің көрмелері өтеді.
Бұл форум Астанаға халықаралық аренада танымал болу, іскерлік байланыстар орнату және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді