20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер ведомствосының мәлімдеуінше, Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады.
Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.
Іздеуде жүрген адам «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды, - дейді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.
«Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар.
Сонымен қатар облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?