30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӨзбекстанның Ферғана облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Upl.uz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға Маргилан қаласында болған. Аса ауыр қылмысқа ер адамның көрген қорқынышты түсі себеп болған. Ол түсінде әйелінің көзіне шөп салғанын көрген. Ашуланып оянған ер адам жастықтың астында жатқан пышақты алып, ұйықтап жатқан әйеліне 13 рет сұққан.
Кейіннен түсінде көргені шындық еместігін түсінген күйеуі шошып, жедел жәрдем шақырған. Алайда әйелдің алған жарақаттары ауыр болып, ол қайтыс болған.
Тергеу барысында айыпталушының бұған дейін де әйелі туралы негізсіз күдіктерге бой алдырғаны, бұл отбасылық жанжалдарға жиі себеп болғаны анықталды. Марқұм мен сотталған азаматтың артында үш кәмелетке толмаған баласы қалған.
Маргилан қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды